Көп шақырымдық арақашықтықтағы шұғыл көмек

Көп шақырымдық арақашықтықтағы шұғыл көмек

ТЖМ ҚР тікұшақтары Самар ауданынан Өскеменге пациентті тасымалдау үшін жұмылдырылды. «Қазавиаспас» ТЖМ пилоттары Сергей Пинигин, Леонид Каликанов, Айдар Мамырханов тапсырманы тез әрі сәтті орындап, санитарлық авиация дәрігерлері Айгүл Құдырбаева мен Назым Бейсенбаевамен бірге көмекке мұқтаж 1980 жылы туған ер адамды облыс орталығындағы медициналық мекемеге жеткізді.

Санавиацияның ұшулары ТЖМ пилоттары тарапынан апта сайын дерлік жүзеге асырылады. Пациентті тасымалдау үшін тікұшақ әдетте шалғай аудандардан эвакуация қажет болғанда, науқас қозғалмайтын жағдайда және адамның өмірі бірнеше сағатпен есептелетін жағдайда пайдаланылады.