Қаза тапқан интернационалист жауынгерлерді құрметтеу және еске алу белгісі ретінде

Қаза тапқан интернационалист жауынгерлерді құрметтеу және еске алу белгісі ретінде

Өскемен қаласында ШҚО ТЖД құтқарушылары Ауғанстан соғысында қаза тапқан жауынгерлерге арналған Еске алу монументіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты. Бір минут үнсіздік жарияланып, соғыстан оралмағандарға құрмет көрсетілді.

Іс-шара кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 37 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

«Бұл іс-шаралар ШҚО ТЖД-де жыл сайын тарихи жадты сақтау мақсатында өткізіледі. Біздің қатарымызда жас құтқарушыларға үлгі болатын осындай қызметкерлер мен ардагерлердің бар екенін мақтан тұтамыз», – деді ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Исхар Савазов.

ШҚО ТЖД-де азаматтардың қауіпсіздігі жолында бас құтқарушы Тимур Чанышев қызмет атқарады. Ауғанстандағы әскери қақтығыс жылдары ол Гардез қаласында жеке десанттық-шабуылдау бригадасында қатардағы жауынгер ретінде 2 жыл қызмет етті.

Ауған соғысы ардагерлерінің ерлігін ұмытпай, олардың рухына тағзым ету – патриоттық тәрбиенің және тарихқа деген құрметтің маңызды бөлігі болып қала береді.