
Шүлбі су электр станциясының айдынында екі балықшы қар құрсауында қалып қойды. Оларға көмекке жол талғамайтын техникамен құтқарушылар жетіп, 1985 және 1977 жылы туған екі ер адамды жақын маңдағы елді мекенге эвакуациялады.
Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.
ТЖМ қауіпсіздік шараларын сақтауды еске салады. Дауыл туралы ескерту кезінде елді мекендерді тастамаңыз.