ШҚО құтқарушылары «Жол бер!» акциясын өткізді

ШҚО құтқарушылары «Жол бер!» акциясын өткізді

ҚР ТЖМ-нің «Жол бер!» акциясы аясында азаматтардың жедел қызмет көліктеріне жол беруіне назар аударту мақсатында Шығыс Қазақстанның құтқарушылары автокөлік иелері арасында өрт сөндіру автокөлігінің дабылын естіген кезде қалай әрекет ететіні туралы сауалнама жүргізді.
Сауалнамаға қатысқан тұрғындардың басым бөлігі арнайы көлікке міндетті түрде жол беретіндерін айтты, себебі адамдарға көмекке асығып бара жатқан құтқарушыларға жол берудің қаншалықты маңызды екенін түсінеді. Бұл сөздерді өрт сөндіру автокөлігін ілесіп жүрген дроннан түсірілген бейнежазба да растады.
ҚР ТЖМ-де атап өткендей, «Жол бер!» акциясы профилактикалық сипатқа ие және төтенше жағдайға тап болған жандарға көмек көрсетуге асыққандарға кедергі келтірмей, жолдағы қауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған.