Өскеменде көктемгі су тасқынына дайындық бойынша алдын алу жұмыстары жүргізілуде

Өскеменде көктемгі су тасқынына дайындық бойынша алдын алу жұмыстары жүргізілуде

Өскеменде су тасқыны кезеңіне дайындық жүргізілуде. Облыс орталығында су тасқыны қаупі бар 11 учаске анықталды.

Көктемгі су тасқыны кезінде тұрғын үйлердің су басуын болдырмау мақсатында қазіргі уақытта Согра және Ахмерово аудандарында жалпы ұзындығы 950 метр Үлбі өзенінің жағалауын нығайту, сондай-ақ арық жүйесінің үйіндісін нығайту жұмыстары жүргізілуде.

Өскеменде су тасқынына қарсы кезеңге барлығы 143 бірлік арнайы техника, 50 бірлік мотопомпалар, 6000 м3 инертті материалдар, 8 мың дана қаптар, 140 тонна ЖЖМ, сондай-ақ өрт-сорғы станциялары мен жүзу құралдары жағдайдың асқынуы жағдайында дайындалды.

Эвакуацияланатын халықты орналастыру 15 халықты қабылдау пунктінде жоспарлануда.