
ТЖМ өрт сөндірушілері Өскемен қаласындағы Ауезов даңғылы бойындағы 5 қабатты тұрғын үйдің 3-қабатында өртті сөндірді.
Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде пәтердегі заттар қойылған орынның жануы анықталды. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар автожол сатысын орнатып, түтінге толы бөлмеге кірді.
Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түскен жоқ.
Өрт толығымен жойылды.
Себебі анықталды.
ШҚО ТЖД тұрғындардан өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды сұрайды!
Өрт кезінде "112" нөміріне қоңырау шалыңыз