Сарапшылар қашықтықтан арбау туралы

Сарапшылар қашықтықтан арбау туралы

ШҚО ТЖД-да құтқарушылардың «ШҚО Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ өкілі С. Бахтияровпен және Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі М. Қалиақпаровпен кездесуі өтті.

Сарапшылар интернеттегі деструктивті діни секталарға азаматтарды арбау әдістерін, әлеуметтік желі пайдаланушыларының бойынан деструктивті мінез-құлық белгілері анықталған жағдайдағы іс-қимыл алгоритмін және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасау мәселелерін қарастырды.

С. Бахтияров интернеттегі деструктивті діни секталарға азаматтарды тарту тәсілдеріне егжей-тегжейлі тоқталды:

Әлеуметтік желілер ақпарат таратып қана қоймай, интерактивті қарым-қатынас орнатуға және «қажетті» адамдарды «нүктелі» іздеуге мүмкіндік береді.

Бұл үшін жеке парақшалардағы жазбалар талданып, адамның психологиялық портреті жасалады және оны сектаға тарту мүмкіндігі бағаланады.

Әлеуметтік желілерде көтерілетін тақырыптарға, пайдаланушының көзқарастары мен сенімдеріне ерекше назар аударылады.

С. Бахтияров құтқарушыларға нақты ұсыныстар берді: «Күдікті жарнамалар мен хабарламалар бойынша әлеуметтік желілер мен сайттардың әкімшілеріне шағым түсіріңіздер немесе сізді табанды түрде мазалайтын болса, құқық қорғау органдарына хабарласыңыздар».

М. Қалиақпаров «дропперлік» ұғымына, оған қатысты қылмыстық схемаларға тоқталып, жеке құрамды есірткі (психотроптық) заттар мен олардың аналогтарын қолдану, сақтау және таратумен айналысатын тұлғалар үшін туындайтын құқықтық салдарлармен таныстырды.

Департамент қызметкерлері әңгімеге белсене қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды және толыққанды жауаптар алды.