Құтқарушылардағы ашық есік күні

Құтқарушылардағы ашық есік күні

Іс-шара Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті базасында Құмаш Нұрғалиев атындағы Жоғары колледж студенттерінің қатысуымен өтті. Студенттер өрт сөндірушілердің жауынгерлік киімін киіп көріп, бір сәтке нағыз құтқарушы ретінде өздерін сезіне алды. Сондай-ақ заманауи өрт сөндіру және құтқару техникасының жұмысын көзбен көрді. Кинолог мамандығы және олардың төрт аяқты серіктестерімен танысты.

Сонымен қатар, ДЧС қызметкерлері қауіпсіздік шаралары бойынша нұсқаулық өткізіп, «ÓRT-BOLSA-DEREU-HABARLA» акциясы аясында өрт кезінде шұғыл қызметтерді шақыру ережелерін үйретті. Атап айтқанда, өрт анықталған жағдайда 112 нөміріне дереу хабарласып, нақты мекенжайды, не жанып жатқанын және ғимаратта адамдардың бар-жоғын айту қажет. Қауіпті аймақтан тез арада кету керек.

Бұл іс-шаралар жастар арасында құтқарушы мамандығына деген құрметті қалыптастыруға және қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін арттыруға бағытталған.