Балаларды төтенше жағдайда әрекет етуге үйретті

Балаларды төтенше жағдайда әрекет етуге үйретті

Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының қызметкерлері Өскемен қаласындағы №26 мектепке барып, «ÓRT-BOLSA-DEREU-HABARLA» акциясы аясында өрт кезінде жедел қызметтерді шақыру ережелерін үйретті. Сонымен қатар өрттің шығуына не себеп болуы мүмкін екені, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру әңгімесін жүргізді.

Алынған білімді тәжірибе жүзінде бекіту мақсатында құтқарушылар балаларға жағдайды модельдеуді ұсынып, қауіп төнген жағдайда өрт сөндірушілерді қалай шақыратынын тексерді.

Аталған іс-шаралар өскелең ұрпақтың қауіпсіздік негіздері бойынша білімін арттыруға бағытталған.