
ШҚО ТЖД –нің қызметкерлері Өскемен қаласының орталығында орналасқан Өскемен жоғары политехникалық колледжі, көлік және тіршілік қауіпсіздік колледжі, жоғары техникалық-гуманитарлық колледжінің студенттеріне ҚР ТЖМ М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына оқуға түсу талаптарын түсіндірді және де АҚО жұмысқа қабылдау туралы да үгіт-насихат жұмыстары өткізілді.
Студенттермен өткен кездесу барысында Азаматтық қорғау академиясына түсу шарттары, қабылдау ережелері, оқу үрдісі мен болашақ мамандық мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат берілді. Кездесу соңында студенттер өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға толық әрі қанағаттанарлық жауаптар алды.