
ШҚО ТЖД мамандары Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының №5518 әскери бөліміне барып, онда мерзімді әскери қызметін өтеп жатқан сарбаздар мен кездесу өткізді. Кездесу барысында төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері құтқарушы мамандығы туралы, азаматтық қорғау органдарында болашақта мансап құру мүмкіндіктері жөнінде әңгімеледі.
Сондай-ақ М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына түсу тәртібі, лейтенант шенін алу мүмкіндігі және ТЖМ бөлімшелеріндегі одан әрі қызметтің келешегі туралы ақпарат берілді.