Өскемен қ. ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағы қызметкерлерінің аттестациясы өтті

Өскемен қ. ШҚО ТЖД  Жедел-құтқару жасағы қызметкерлерінің аттестациясы өтті

Құтқарушылар өздерінің сыныптық біліктілігін растады, білімдері мен дағдыларының кешенін, нормативтерді тапсырды. Қызметке жаңадан қабылданған қызметкерлер төтенше жағдайлар жүйесінде жұмыс істеуге дайын екендіктерін алғаш рет дәлелдеді.

Аттестация барысында төтенше жағдайлар саласындағы негізгі заңдарды білу бойынша тестілеу өткізілді, жеке қорғаныс құралдарын пайдалану, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету, альпинистік жабдықтарды, сондай-ақ авариялық-құтқару құралдары мен құтқару жабдықтарын қолдану дағдылары тексерілді.

Құтқарушының басты міндеті – адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қиын жағдайға тап болған жанға көмек көрсету. Сондықтан аттестациядан өту экстремалды жағдайларда жұмыс істеуге дайындығын, дұрыс әрі жедел шешім қабылдай білуін, кәсіби, моральдық-психологиялық және физикалық дайындығының жоғары деңгейін бағалауға мүмкіндік береді.