Құтқарушылар Крещение Господне кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы айтып берді

Құтқарушылар Крещение Господне кезіндегі қауіпсіздік  шаралары туралы айтып берді

19 қаңтарда әлемнің барлық православие өкілдері Крещение Господне рәсімін атап өтеді.

Бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен өткен брифингте ШҚО ТЖД құтқарушылары Шығыс Қазақстан аумағында шомылуға жергілікті атқарушы органдармен 16 санкцияланған шомылу орны ұйымдастырылатынын хабарлады.

Өскеме қаласында - 2 ("Көгілдір көлдердің" сол жағалауы кешенінің аумағы, Ертіс өзені, Аблакетка к., Ғибадатханаға қарама-қарсы, Островский к-сі-14),

- Риддер қаласында - 2 (Әулие Николай ғибадатханасы мен  "Нечаянная радость" Қасиетті Құдай ана ғибадатханасы)

- Алтай ауданында - 4 (Тәуелсіздік аллеясы аумағындағы Вторушка өзеніндегі су айдыны, Серебрянск қ., Ертіс өзені, қалалық жағажай, Малеевск ауылы - Хамир өзені, Пилон көпірі маңы, Жаңа Бұқтырма кенті – қайық станциясы аумағындағы Бұқтырма су қоймасы.)

- Глубокое ауданында - 3 (Бобровка ауылы, Нұртау тау шаңғысы курорты), ГТҚ аумағында (Белоусовское көлі), Глубокое к. жағажайының аумағы  киргородок шағын ауданы

- Катонқарағай ауданында -1 (Коробиха ауылы, Коробиха өзені)

- Күршім ауданында - 1 (Күршім ауылы, Акимжанов көшесі, Күршім өзені)

- Шемонаиха ауданында-1 (Шемонаиха қ. Оба өзені, автостанция аумағы)

- Ұлан ауданында -1 (Таврия ауылы, Песчанка өзені)

- Үлкен Нарын ауданында - 1 (Үлкен Нарын ауылы, Нарын өзені)  

ШҚО ТЖД ТЖ жою басқармасының бастығы Эльдар Шаймарданов атап өткендей, Крещение Господне өту кезеңінде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді және Департамент бөлімшелері дайындыққа келтірілді, Крещение Господне өтетін түнде құтқарушыларды, Апаттар медицина орталығы мен жедел жәрдем медицинасы орталығының дәрігерлерін, атқарушы органдар, полиция өкілдерін қоса алғанда, 230 адам жеке құрам мен 69 бірлік техника кезекшілік ететін болады. Эльдар Шаймарданов халықты медициналық құтқарушылар бар жабдықталған орындарда ғана шомылуға шақырды.

Брифингке қатысқан Өскемен және Семейлік епархияның кеңсе меңгерушісі Константин Дьяков: «Мен шіркеушілердің шомылдыру рәсімінен өткен мерекені рухани шара ретінде қабылдауына назар аударғым келеді. Мұзды суға шомылу Крещение Господне рәсімін тойлаудың міндетті шарты емес. Мереке дұғамен, шіркеуге барумен, әдепті мінез-құлықпен және игі істермен атап өтіледі» деп мәлімдеді .

ШҚО ТЖД деректері бойынша шомылу орындарының жанына жергілікті атқарушы органдар баспалдақтар, қоршаулар орнатады, жарықтандыру және жылыту шатырлары ұйымдастырылады. Сүңгуір-құтқарушылар мұз суаттарына қауіпсіз кіруді және шығуды қамтамасыз етеді.

Құтқарушылар сондай-ақ шомылуға бара жатқанда, рәсім мүмкіндігінше аз уақыт алатындай киіну керек екенін атап өтті. Сондай-ақ, қарда жалаң аяқ қалмас үшін жылы төсеніш, түкті сүлгі және ыстық шай алу қажет. Шомылудан бұрын жылыну, денені қыздыру қажет. Мұз ойықтарына ыңғайлы, тайғанамайтын және оңай шешілетін аяқ киіммен бару қажет. Ми тамырларының қысымын болдырмау үшін басыңызды суламай, мойынға дейін ғана кірген дұрыс. Балаларға тек ата-аналарымен бірге шомылуға рұқсат етіледі. Шомылғаннан кейін түкті сүлгімен сүртіңіз, ыстық шай ішіңіз. Алкогольдік ішімдіктер рұқсат етілмейді. Созылмалы аурулары бар азаматтарға мұз ойықтарына түсу өте қауіпті болуы мүмкін.

«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің болжамы бойынша Крещение түнінде облыстағы ауа температурасы 30 градустан және одан жоғары болады.