Шығыс Қазақстанда құтқарушылардың арнайы техникасы жаңартылуда

Шығыс Қазақстанда құтқарушылардың арнайы техникасы жаңартылуда

Шығыс Қазақстанда климаттық жағдайы ең күрделі өңірлердің бірінде құтқарушылардың арнайы техника паркін жаңарту жұмыстары жалғасуда. Құтқарушылардың қарамағына заманауи жол талғамайтын  автокөліктері мен жоғары өтімді  техникалары берілді.

Жаңа автокөліктер түрлі төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге дайын. Техника тұрғындарды қорғау мақсатында жетуі қиын, шалғай аудандарға бөлінетін болады.

Құтқарушылар атап өткендей: «Бұл жай ғана автокөліктер емес – олар адамдардың өміріне және құтқарушылардың жұмысының тиімділігіне тікелей әсер етеді».