
Бүгін жаңа жыл қарсаңында, Шығыс Қазақстан облысыТөтенше жағдайлар департаментінің барлық гарнизоны күшейтілген режимде жұмыс жасауда. Облыстың аудандары мен қалаларының бөлімшелерінде, қызметте 300-ге жуық адам және 100-ден астам арнайы техника бірлігі болады. 2025 жылы ШҚО ТЖД қызметкерлеріне 251 118 қоңырау келіп түсті, 332 адам құтқарылды және түрлі төтенше жағдайларға тап болған 506 азамат эвакуацияланды. ШҚО ТЖД, азаматтарды құтқарушылардың ұсынымдарын тыңдауға, дауылды ескертулерді, ауа райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды қадағалауға, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға, пиротехникамен абай болуға шақырады. Ауа-райы нашарлаған кезде мұзға және алыс қашықтықтағы сапарларға шықпауды ұсынады.