Шығыс Қазақстан облысындағы қар көшкіні қаупі бар бағыттарды тексеру

Шығыс Қазақстан облысындағы қар көшкіні қаупі бар бағыттарды тексеру

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазселденқорғау» ММ ШҚ филиалының мамандары қар көшкіні қаупі барбағыттарға жоспарлы жерүсті тексеру жұмыстарын жалғастыруда. Алтай ауданында бес, Катонқарағай ауданында төрт қар көшкіні ошақтарына визуалды тексеру жүргізілді.

Тексеру барысында Алтай ауданындағы қар көшкіні қаупі бар беткейлерде қар қалыңдығы 80 см-ге дейін, ал Катонқарағай ауданында 50 см-ге дейін жеткені анықталды. Жұмыстың маңызды бөлігі ретінде қар жамылғысының тұрақтылығын дәл бағалауға мүмкіндік берген стратиграфиялық бақылаулар жүргізілді. Қазіргі уақытта аталған аудандардағы қар көшкіні жағдайы тұрақты.

Сонымен қатар «Қазселденқорғау» мамандары қар көшкіні қаупі бар учаскелердің маңымен жүріп өтетін немесе көлікпен қатынайтын азаматтарға сақ болуды ескертеді, себебі адам әрекетінің салдарынан (шаңғышылар мен сноубордшылардың беткейлерді «кесуі», сондай-ақ беткей етегінде ауыр техниканың қозғалысы) қар көшкіні жүру қаупі сақталып отыр.

«Қазселденқорғау» ШҚ филиалының және ШҚО ТЖД мамандары азаматтарды таулы аймақтарда қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады. Алдын ала қар көшкіні жүруі мүмкін орындарды зерттеңіз. Қар жауып тұрған кезде және ауа райы қолайсыз болған жағдайда тауға шықпаңыз.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыз.