Ауылдық жерлерде өртке қарсы инфрақұрылымды дамыту жалғасуда

Ауылдық жерлерде өртке қарсы инфрақұрылымды дамыту жалғасуда

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасы аясында ауылдық жерлерде өрт қауіпсіздігін арттыру жүйелі жұмысын жалғастыруда.

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Тарханка ауылында ашылған өрт сөндіру пункті Тарханка, Винное және Весёлое ауылдарында тұратын 3000-нан астам тұрғынның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Жоба жергілікті бизнес «Милейко» ЖШС қолдауымен жүзеге асырылды.

Сонымен қатар Шемонаиха ауданында бір уақытта Красная Шемонаиха және Сугатовка ауылдарында екі өртке қарсы пункт ашылды. «Белокаменское» ЖШС мен «Заря» шаруа қожалығының қатысуымен Красная Шемонаиха, Белый Камень, Сугатовка, Горкуново және Кенюхово атты  бес елді мекеннің өртке қарсы қорғалу жүйесімен қамтылды, онда 1500-ден астам адам тұрады.

Объектілердің ашылуына ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Ерлан Төрегелдиев, ШҚО ТЖД бастығы Рашид Блялов, құтқарушылар, жергілікті тұрғындар және аудан әкімдері қатысты.

Барлық ашылған пункттер тәулік бойы қызмет атқару үшін қызметтік-тұрмыстық ғимараттармен жабдықталған, өрт-құтқару жабдықтары, байланыс құралдары және жеке құрамның киім-жабдықтарымен қамтамасыз етілген.

Ауылдық жерлерде өртке қарсы пункттер желісін дамыту ТЖМ қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді және елдің басқа да ауылдық елді мекендерінде жалғасады