Қаржылық сауаттылыққа оқыту

Қаржылық сауаттылыққа оқыту

ШҚО ТЖД-де Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің, Өскемен қаласы прокуратурасының қызметкерлерімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ШҚО филиалының мамандарымен кездесу өтті.

Кездесу барысында жеке құрамға қаржылық сауаттылықты арттыру және әлеуметтік міндеттемелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Банк ұйымдары алдындағы берешектерді уақтылы өтеудің маңыздылығына, жеке қаржыны дұрыс басқаруға, сондай-ақ әлеуметтік тәуекелдерді төмендетуге ерекше назар аударылды.Табысы жеткіліксіз болған жағдайда несие алудан бас тарту, қаржылық міндеттемелерді нақты жоспарлау қажеттілігі және қарыз жүктемесінің шамадан тыс өсуіне жол бермеу мәселелері атап өтілді.

Құқықтық және қаржылық сауаттылықты жүйелі түрде арттыру өте маңызды, себебі бұл азаматтардың әл-ауқатын жақсартады, тәуекелдерді азайтады, болашақты ұтымды жоспарлауға мүмкіндік береді және қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.