
Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданындағы Кенсай ауылында «Ауыл құтқарушылары» ерікті өрт сөндіру бекеті ашылды.
Салтанатты рәсімге ШҚО ТЖД бастығы Рашид Блялов, Зайсан ауданының әкімі Аэлита Ахметсалимқызы, сондай-ақ ауыл тұрғындары мен ақсақалдар қатысты. Жоба Төтенше жағдайлар министрі бастамасымен жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен жүзеге асырылды.