
Бұл жолы тікұшақ ұшқыштары Сергей Пинигин мен Леонид Калеканов үшін Риддер қаласына жасалған ұшу жаңа туған нәрестені тасымалдауға байланысты күрделене түсті. Ұшу барысында олар таулы аймақтың климаты мен әуе ағындарының төменгі аймақтардағы ауа райынан айырмашылығын, сондай-ақ ұшу және қону кезіндегі жер бедерінің ерекшеліктерін ескеруге мәжбүр болды.
Ұшу бойы кішкентай науқастың жағдайын тәжірибелі дәрігерлер Татьяна Сергеева мен Ботагөз Ақашева бақылап отырды.
Ұшқыштар мен дәрігерлер бригадасы үйлесімді әрі кәсіби әрекет етті, соның арқасында сәби әуе сапарын тұрақты жағдайда көтеріп, облыс орталығына жеткізілді. Онда оған қажетті барлық әрі қарайғы медициналық көмек көрсетілетін болады.