
ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ ұшқыштары Сергей Пинигин мен Леонид Калеканов «Ми-8» тікұшағымен Риддер қаласынан Өскемен қаласына баланы шұғыл медициналық көмек көрсету үшін тасымалдады.
Ұшақ бортында кішкентай науқасты санитарлық авиация дәрігерлері Рафаиль Халитов пен Лариса Величко алып жүрді.
Ұшқыштар мен дәрігерлердің тәжірибесі мен кәсібилігінің арқасында ұшу сәтті өтті. 2017 жылы туған бала медициналық мекемеге жеткізіліп, мамандардың бақылауында болады.