ТЖД қызметкерлері жанып жатқан пәтерден ер адамды құтқарды

ТЖД қызметкерлері жанып жатқан пәтерден ер адамды құтқарды

Өскемен қаласында Тимирязев көшесіндегі бесінші қабатта орналасқан пәтерде өрт шықты. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел келіп, өрт автокөлік сатысын шығарып, өрттің ошағына кірді. Түтінді пәтерден 1961 жылы туған ер адам шығарылды.

Өрт 20 шаршы метр ауданда сөндірілді. Жеке заттар, терезе мен есік блоктары жанды.

ТЖМ азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігі туралы ескертеді. Ашық отпен абай болыңыз және өртке әкелуі мүмкін бұзушылықтарды уақтылы жойыңыз. Өрт болған кезде дереу 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.