
Төтенше жағдайлар Министрінің тапсырмасы бойынша вице-министр генерал-майор К.А. Тұрсынбаев ШҚО күштері мен құралдарының қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға ден қоюға дайындығымен танысып өтті.
Заманауи жоғары өтімді техниканы қарап, облыста орналасқан жылыту пункттеріне барды.
Сондай-ақ, Шығыс Қазақстанға жұмыс сапары барысында вице-министр Марқакөл, Зайсан, Күршім және Тарбағатай аудандарында болып, құтқарушылар бөлімшелерінің жеке құрамымен кездесті, өрт инфрақұрылымы объектілерін жөндеу және жаңарту, Өскемендегі ТЖМ әуе борттарына арналған ангардың салыну барысымен танысты.
Соңында генерал-майор К.А. Тұрсынбаев бөлімшелердің басшылық құрамымен жұмыс кеңесін өткізді, онда ТЖ алдын алу және жою, қызметтік-әскери тәртіпті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау және техника мен мүлікке ұқыпты қарау саласындағы барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылы бойынша атқарылып жатқан тиімді жұмысқа баса назар аударды.