
Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Оралхан Бөкей атындағы облыстық кітапханаға барып, еліміздің тарихына және Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның жетістіктеріне арналған әдебиеттермен, сондай-ақ кітапхана қорындағы құнды басылымдармен танысты. Танымдық әрі мазмұнды өткен бұл кездесу рухани-мәдени құндылықтарды насихаттауға бағытталды.
Аталған іс-шара жеке құрамның патриоттық рухын арттырып, ұлттық мұра мен мәдениетке деген құрметті нығайтуға ықпал етті.