Шығыс Қазақстан облысында датчик қарт әйелдің өмірін сақтап қалды

Шығыс Қазақстан облысында датчик қарт әйелдің өмірін сақтап қалды

Бұрын құтқарушылар орнатқан көмірқышқыл газының датчигі Шемонаиха қаласында тұратын, 1941 ж.т. тұрғынның өмірін сақтап қалды. Датчиктің дабылын естіген әйел бірден құтқарушыларды шақырған.

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер үйді желдету жұмыстарын жүргізді. Түтін тартуы нашар пештен шыққаны анықталды. Сигнализатор әйелдің өмірін сақтап, оны көміртегі тотығынан уланудан қорғады.

Келген жедел жәрдем қызметкерлері әйелді тексеріп, оның жағдайы қанағаттанарлық екенін анықтады, ауруханаға жатқызу қажет болмады.

ТЖМ әлеуметтік тұрғыдан осал отбасыларда осындай «құтқару тетіктерін» орнату жұмыстарын тұрақты түрде жүзеге асырып келеді