
ШҚО-да, Өскемен қаласында, Объездное шоссе көшесінде биг-бэг өндірісіне арналған жеке тұрған бір қабатты цехтың шатыры өртенді.
Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер өрттің жоғары дәрежесі бойынша жұмыс істеді. Үйлесімді әрекеттерінің арқасында олар өртті 165 шаршы метр аумақта сөндірді. Өрт сөндірушілер жалынның таралуына жол бермей, кәсіпкердің жабдығын және ғимараттың басым бөлігін аман сақтап қалды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.
ТЖМ кәсіпкерлерді қырағы болып, нысандарда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады