
ТЖД қызметкерлері өңірлік полиция қызметкерлерімен бірлесіп, газбаллонды жабдық (ГБЖ) орнатылған автокөлік жүргізушілеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Заң талаптарын бұзған жағдайда автокөлік иелеріне әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы бойынша көлік құралының тіркеу куәлігінде қайта жарақтандыру туралы белгі болмағаны үшін 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Бұзушылық анықталған кезде полиция қызметкері ҚР ӘҚБтК-нің 797-бабына сәйкес мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін алып қою арқылы көлік құралын пайдалануға тыйым салуға құқылы.
СОО-ның жер асты автотұрақтарында құтқарушылар ГБЖ-ны қауіпсіз пайдалану ережелерін, апатты жағдайлардың себептерін және газдың шығып кетуі мен өрттің алдын алу шараларын түсіндіреді.
ШҚО ТЖД-де атап өткендей, ГБЖ орнатылған автокөліктерге арналған тұраққа тыйым сауда және бизнес орталықтарындағы кіріктірілген және жапсарлас салынған паркингтерге, сондай-ақ тұрғын үй кешендеріндегі жер асты жабық автотұрақтарға қолданылады. Жеке тұрған паркингтерде, оның ішінде көпдеңгейлі тұрақтарда немесе бокс түріндегі орындарда газбен жүретін автокөліктерді қоюға рұқсат етіледі.
ГБЖ орнатылған автокөліктерді жер асты тұрақтарына қоюдың қауіптілігі — қыс мезгілінде жылудың әсерінен газдың кеңеюі. Сонымен қатар баллон 85%-дан артық толтырылмауы тиіс.
«Газбаллон» акциясының мақсаты — оқыс оқиғалардың алдын алу және газбаллонды жабдықты (ГБЖ) пайдалану кезіндегі қауіпсіздік мәдениетін арттыру.