«Қазмырыш» ЖШС қызметкері өртеніп жатқан үйден көршілерін құтқарды

«Қазмырыш» ЖШС қызметкері өртеніп жатқан үйден көршілерін құтқарды

Бүгін Өскемен қаласында саяжайлардың бірінде үй өртенді. Шатырдан шыққан жалынды көршісі байқап қалып, өрт туралы күйеуіне хабарлаған. Игорь Медведев жылдам өртенген үйге жүгіріп және улы газға улану белгілері бар 1966 жылғы әйел мен 1954 жылғы еркекті далаға алып шыққан. Осы кезде апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері келіп жетіп, зардап шеккендерге алғашқы дәрігерлік көмек көрсеткен. Бұдан кейін зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды.

Өрт сөндірушілер 25 шаршы метрдегі өртті ауыздықтады.

Өрттің алдын ала болжамды себебі – пешті пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау.

ШҚО ТЖД қызметкерлері тұрғындарға – пештерінің жағдайын қадағалауға шақырады. Онда өртке қарсы нормалармен белгіленген жанғыш материалдардан арақалқа болуы, белгіленген үлгідегідей металл бет болуы тиіс. Пештің жарамды болуын тексеріңіз, мұржаны уақтылы тазалап, жарықтарды бітеңіз. Пешті жаққан кезде ішіндегі отын толық жанып біткенше мұржаны жабуға болмайды.

Өрт кезінде «101»-ге қоңырау соғыңыз.

ШҚО ТЖД