Құтқарушы болу- дұрыс шешім!

Құтқарушы болу- дұрыс шешім!

Әр адамның өмірінде  мектеп қабырғасын аяқтағасын - «Оқуға қайда бару керек? Қандай мамандықты таңдау керек?» деген сұрақтар кездеседі. Шешімге көптеген факторлар әсер етеді: өзге адамдардаң пікірлері, жеке қалауы, балалардың армандары. Осы сәтте еш ойланбастан құтұарушы мамандаған тандап қазіргі уақытта еңбегінің жемісін көріп, халқына адал қызмет атқарып отырған, әріптесіміз Дархан жайлы айта кетпесек болмайды.

Дархан Дайырбекұлы Дайырбек 1994 жылы Зайсан қаласында дүниеге келген. Отбасыда үш баланың ішінде үлкені болған және бала кезінен Отанға қызмет етудің үлгісін шекара заставасында жұмыс істеген әкесінен көрген.

Өрт сөндірушілердің үйлесімді және нақты жұмысын бақылай отырып, Дархан олардың бірі болғысы келетінін шешіп, КТИ-ге "өрт қауіпсіздігі"мамандығына оқуға түсті.

Жыл сайын ол өзінің арманына жақындай түсті. Оқу жылдарында тәртіпті, табандылықты үйренді. Қазақстан бойынша көптеген достар тауып , курстастарымен әлі күнге дейін жақсы қарым-қатынасты ұстайды және де  қиын жағдайларда бір-біріне көмек көрсетіп тұрады.  2016 жылдың маусым айында Дархан бөлу бойынша Риддер қаласының 14-ӨСБ қызметтік жолын бастады.Онда қарауыл бастығы, содан кейін бастықтың орынбасары болып жұмыс істеді. 14-ӨСБ өрт сөндіру бөлімінің бастығы міндеттерін бірнеше жыл мерзімде атқарды. 2020 жылдың маусым айынан бастап Дайырбек Дархан "ШҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ"ММ Риддер қ.1-МӨСБ бастығының орынбасары болып жұмыс атқаруда.

Үйде оны күнделікті сүйікті отбасысы күтіп отырады. Оқу кезінде ол болашақ әйелімен кездесіп қазіргі уақытта  керемет баласы екі бар. Анасы қайтыс болғаннан кейін, Дархан кіші інілері үшін жауапкершілікті өз мойнына алды. Олардың бірі үлкен ағасының ізімен жүріп, КТИ-дің 2-курсында оқиды. Кіші інісі, алтыншы сыныпта оқитынінісін Дархан өз отбасына алып, әйелімен бірге інілерінің тәрбиесімен айналысады.

Дархан Қызметке жауапкершілікпен қарайды. Тәртіпті, атқарушы және өзін-өзі талап ете отырып, бағыныштылардан да талап етеді. Әдепті, сыпайы және ұқыпты әріптесіміз ұжымда қызметкерлердің беделі мен құрметіне ие.

Қызмет өткеру кезеңінде 58 өрт сөндіруге, құрғақ шөп жану кезінде 71 өрт сөндіруге қатысты. Өрт сөндіру басшысының міндетін атқара отырып, адамдар мен мүлікті құтқаруға тікелей бар күшін салуда.

Өзінің лауазымдық міндеттерін адал атқарғаны үшін "Талғат Бигелдинов", "Сағадат Нұрмағамбетов" медальдарымен, сондай-ақ "Ұлы жеңіс мерекесіне арналған әскери парадқа қатысқаны үшін", "Үздік құтқарушы-жуынгер"төс белгілерімен марапатталған. 2015 жылы Жеңістің 70 жылдығына орай Астана қаласындағы әскери шеруде салтанатты маршпен өту құрметіне ие болды.

Дархан өрт сөндіруші-құтқарушы мамандығы — әлемдегі ең қажетті және маңызды мамандықтардың бірі деп есептейді. Бұл мамандық-жоғары тәуекелді қажет ететін  маңызды қызметтің бірі! Оны игеру үшін белгілі бір жан күйі мен салмақты мінез-құлық  болуы керек. Сонымен қатар, өрт сөндіруші болу үшін дене шымыр, төтенше жағдайларда тез шешім қабылдай білу, уақтылы, тәртіпті және күйзеліске төзімді болу керек. Бұл жанқиярлық мамандықтың өкілдерін құрметтемеу мүмкін емес! Даирбек Дархан Құтқарушы болу абыройлы деп есептейді. Жыл сайын ол дұрыс таңдау жасағанына көзі жетуде!

 

Риддер қ. ТЖБ