Маңызды кездесулер

Маңызды кездесулер

Білім беру мекемелерінде өрт қауіпсіздігі шараларын күшейту мақсатында Өскемен қаласы ТЖД және ШҚО ТЖД қызметкерлері ШҚО Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешенінің педагогтарымен профилактикалық сабақ өткізді.

Негізгі мақсаты -өрттің алдын алу, төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл ережелерін үйрету.
Іс-шара барысында педагогтарға ТЖ қызметінің өкілдері адамдар жаппай жиналатын мекемелерде қандай қауіпсіздік ережелерді сақтау қажеттігі және өрт қауіпсіздігіне жауапты адамдардың міндеттері туралы айтып берді.

Білім беру қызметкерлерінің ерекше назарын талап ететін негізгі сұрақтар оларға сеніп тапсырылған балаларды дұрыс эвакуациялау жөнінде уақтылы шешім қабылдай білу болды. Өрт сөндірудің бастапқы құралдарын пайдалану ережелерін және өрт, жер сілкінісі және басқа да ТЖ кезінде нұсқаулыққа сәйкес және дүрбелеңсіз қалай нақты әрекет ету керектігі туралы айтылды