Өрт сөндіру бөлімінің жүргізуші-қызметкер 2 баланы құтқарды

Өрт сөндіру бөлімінің жүргізуші-қызметкер 2 баланы құтқарды

ШҚО Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кенті Аманжолов көшесі бойында 5 қабатты үйдің 4-ші қабатындағы пәтерде өрт шықты.

Өскемен қ. 3-ші өрт сөндіру бөлімінің жүргізуші-қызметкері Капанов Канат жұмыстан тыс уақытта жақындарының үйінде болып, көрші пәтерден түтінді байқап, өрт шыққан пәтерден 2 баланы құтқарды.Содан кейін, түтінденген подьезден тұрғындарды эвакуациялауға көмектесті.

Өрт сөндірушілер келгенше дейін қауіпті аймақтан 80 адам өз бетінше шығып кетті. ТЖД күштерімен 4 адам,соның 2 бала эвакуацияланды.

Өрт 45 шаршы метрде ауданда жойылды. Өрт себебі анықталуда.