Балалар қауіпсіздігі басымдыққа

Балалар қауіпсіздігі басымдыққа

Республикалық «Өрт қауіпсіздігі айлығы» акциясы аясында ШҚО ТЖД МӨББ қызметкерлері «Күншуақ» балабақшасында алдын алу іс-шарасын өткізді.

Кішкентайларға өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндіріліп, өрт шыққан жағдайда қалай дұрыс әрекет ету керектігі айтылды. Инспекторлық құраммен бірге іс-шараға келген өрт сөндіруші жауынгерлік киіммен балаларға өрт сөндіру-құтқару жабдықтарын көрсетіп, өз мамандығы туралы әңгімелеп берді.