ШҚО құтқарушылары өңірдегі өрт оқиғаларына алаңдаушылық білдіруде

ШҚО құтқарушылары өңірдегі өрт оқиғаларына алаңдаушылық білдіруде

Жылу беру маусымы басталғалы облыс аумағында 58 өрт оқиғасы тіркелді. Өрттердің 40%-ы – отты абайсыз пайдаланудан, 27%-ы – пеш жағу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауынан, ал 21%-ы – электр жабдықтары мен тұрмыстық электр құралдарын орнату және пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзудан болған. Сонымен қатар балалардың отпен ойнауы және төсекте шылым шегу салдарынан болған өрттер де тіркелді.

«Тұрғын секторды аралау және рейдтік іс-шаралар барысында мамандарымыз 9000-нан астам өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуын анықтады. Олардың ішінде пештердің және электр сымдарының ақаулы болуы, қолдан жасалған электр құрылғыларын пайдалану сияқты заңбұзушылықтар бар. Азаматтардан мұндай кемшіліктерді дер кезінде жоюды сұраймыз. Ұшқын шығаратын розетканы уақтылы жөндеп, ашық отты қолданғанда сақ болған дұрыс, себебі оның зардабы ауыр болуы мүмкін», – деді ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржанов.

Өрт шыққан жағдайда дереу «112» нөміріне хабарлау қажет.