ШҚО-да қысқы кезеңге дайындық туралы айтылды

ШҚО-да қысқы кезеңге дайындық туралы айтылды

ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг өтті, онда мамандар 2025-2026 жж. қысқы кезеңге дайындық туралы айтты.

"Қазгидромет" филиалының мәліметінше, қараша айы облыста әдеттегіден жылы болады деп күтілуде, алайда арасында жауын-шашын, ылғалды қар, қар түрінде жиі жауып тұрады. Қыста құбылмалы ауа — райы болжанады: желтоқсан нормадан суық болады, Қаңтар — климаттық көрсеткіштен 1°С төмен, ал ақпан - керісінше, әдеттегіден 1° жылы болады. 20 м/с дейін қатты желдер және нөлдік көріну кезеңдері күтіледі.

Дауылды ескертулер туралы ақпарат халыққа ұялы байланыс операторларының SMS хабарламалары, "DARMEN" мобильді қосымшасы, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы хабарланады.

Өңірдегі ықтимал төтенше жағдайларға жедел ден қою үшін 7865 адам жеке құрам және қар тазалауды, инженерлік және эвакуациялық техниканы қоса алғанда, 913 бірлік техника белгіленді. Привольное ауылында 7 жылыту пункті және Апаттар медицинасы орталығының 1 трассалық медициналық-құтқару пункті құрылды, деп хабарлады ТЖД өкілдері.

Шығыс Қазақстан Республикадағы көшкін қаупі бар өңірлердің бірі болып табылады. "Қазселденқорғау" ШҚ филиалы қызмет көрсететін аумақта 325 көшкін жинағышы бар. 93 км автокөлік жолдары және  мейрам және демалыс күндері демалушылар саны 3000-нан асатын шаңғы базалары, туристік демалыс базалары қар көшкінінің әсер ету аймағына кіреді. "Қазселденқорғау" ММ филиалы қар көшкініне қауіпті кезеңге 20 қар көшкіні бағытын әзірледі, онда филиал мамандары қызмет көрсететін 160 қар өлшегіш төрткілдеш орнатылды.

Бүгінгі таңда Департамент күзгі-қысқы кезеңде облыстың су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше назар аударады. Облыста жаппай мұзда балық аулайтын 40-тан астам орын бар. Қыркүйек айының басынан бастап 110 профилактикалық рейд жүргізілді, 1100 жадынама таратылды, 38 нұсқама өткізілді. Құтқарушылар еске салады: мұзға аяз тұрақтанған кезде ғана шығуға болады, балаларды қараусыз қалдыруға болмайды және мас күйінде балық аулауға қатаң тыйым салынады. Осыған қарамастан, балық аулау кезінде облыстың су айдындарында 2 адам суға батып кетті. Жазатайым оқиғалардың негізгі себептері: құтқару құралдарынсыз жалғыз балық аулау; балық аулау кезінде спирттік ішімдіктерді ішу; мұз қатқанда су айдындарынан рұқсатсыз өту; жүзе алмау; мұз қатқан су айдындарында шанамен, қарда жүретін көліктермен және автомобильдермен жүру.

Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарына қыста күтім жасау үшін климаттық ерекшеліктерді ескере отырып, қалалар мен аудандар бойынша біркелкі бөлінген 957 бірлік техника дайындалды. Республикалық маңызы бар жолдарға "ҚАЖсервис" ЖШС ШҚОФ қызмет көрсетеді - 103 бірлік техника, оның 95%-ы жарамды жағдайда. Облыстық маңызы бар жолдар — "ОблШығысЖол" ЖШС - 119 бірлік, 93% дайын. Аудандық жолдар мен елді мекендердің көшелеріне 735 бірлік техника жұмылдырылады. Қар басатын жол учаскелерінде ("Өскемен-Тарғын – Самар", "Теректі – Урунхай – Төсқайың"," Күршім – Қалжыр") қар ұстайтын қалқандар орнатылған.

Қызметтердің қысқа дайындығы "ҚЫС-2025"командалық-штабтық оқу-жаттығуларында тексеріледі.

Халыққа дауылды ескертулер алған кезде мүмкіндігінше елді мекендерден тыс жерлерге жоспарланған сапарларды  кейінге қалдыру ұсынылады. Егер жол жүру қажет болған жағдайда, жолға шығарда тыңғылықты дайындалыңыз. Өзіңізбен бірге мыналарды алып жүру қажет: сымарқан, күрек, шыны тазалағыш, жанармай қоры, майшамдар, жылы заттар, телефон, зарядталған PowerBank, шам, азық-түлік қоры, термосқа құйылған ыстық шай, жарқын мата.

Жолға шығарда жолдың жай-күйін нақтылаңыз - мұны "Дармен" тегін мобильді қосымшасын жүктеу арқылы жасауға болады. Республикалық маңызы бар жолдардың жай – күйін 26-28-08, облыстық-57-42-52 телефондары арқылы нақтылауға болады.

Мүмкін болса, жолда байланысқа шығып, қайда екеніңізді хабарлаңыз.

Төтенше жағдай туындаған кезде "112"нөміріне қоңырау шалыңыз.