Hеспубликa күні құтқарушылар «Қазақстан» тауында шара өткізді

Hеспубликa күні құтқарушылар «Қазақстан» тауында шара өткізді

25 қазан күні дәстүр бойынша ШҚО ТЖД қызметкерлері Өскемен қаласындағы Мемлекеттік рәміздер бар тауына көтерілді. 250 метрден астам биіктікте Қазақстан Республикасы жалауын 500 саты бойымен көтере отырып, салтанатты сап түзеу және Мемлекеттік Әнұран орындау рәсімі өткізілді.
Жеке құрам алдында құттықтау сөз сөйлеген ведомство бастығы Рашид Блялов: «Біз күн сайын түрлі қиындықтар мен қауіп –қатерлерге тап боламыз. Алайда дәл бірлік, өзара қолдау және иықтаса әрекет ету сезімі бізге кез келген сынақтан өтуге мүмкіндік береді»,-деп атап өтті.
Біздің жұмысымыз-бұл тек бүгінгі күнге ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның болашағына қосқан үлесіміз. ТЖ министрлігі облыс және Өскемен қаласы басшылығының атынан қызметтік міндеттерін адал атқарып, жоғары нәтижелерге қол жеткізген қызметкерлер Алғыс хаттармен марапатталды. Қызметінде ерекше көзге түскен қызметкерлерге алғашқы және кезекті арнайы атақтар берілді.
ШҚО ТЖД барлық қызметкерлері Отанымыздың тарихи өткенімен, ұлы мәдениетімен және зор жетістіктерімен мақтанады.