
Жылыту маусымы басталғаннан бері тұрғын үй секторында ШҚО ТЖД қызметкерлері 18 000-нан астам аула аралауды жүргізді.
Өрт жағдайларының алдын алу бойынша рейдтік іс-шаралар барысында 11 мыңға жуық бұзушылық анықталды. Құтқарушылардың ұсыныстарының арқасында 1190 орнында жойылды.
Ведомство қызметкерлері аудандық әкімдіктермен бірлесіп пеш өрттерін және көміртегі тотығымен улану жағдайларын барынша азайтуға мүмкіндік беретін көміртегі газының датчиктерін орнату тәжірибесін жалғастыруда.
Соңғы жылдары 42 адамның өмірін сақтап қалған 17 000-нан астам осындай құрылғылар орнатылды.
Қазіргі уақытта ТЖД есебінде халықтың әлеуметтік осал топтарынан тұратын отбасылар бар, оның ішінде 2763 отбасы жеке үйлерде тұрады. Олардың барлығы профилактикалық түсіндіру жұмыстарымен толық қамтылған. Бұл үйлерде ағымдағы жылыту кезеңінде аудан әкімдіктерімен бірлесіп 200-ден астам датчик орнатылды. Сонымен қатар, бірқатар үйлерде пештерді ретке келтіру бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілді.
ШҚО ТЖД пешті қалай дұрыс, ең бастысы қауіпсіз пайдалану керектігін естеріңізге салады:
- пеш пен мұржаны көзбен тексеріңіз, егер жарықтар болса, оларды сылап қойыңыз
- пеш есігінің жанындағы еденге өлшемі 50х70 см болатын металл парақты міндетті түрде орнатыңыз
- мұржаны кем дегенде екі айда бір рет күйеден тұрақты түрде тазалаңыз
- пешті тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтармен жағуға, сондай-ақ заттар мен отынды ашық отта кептіруге қатаң тыйым салынады
-пештің түтін мұржасының ысырмасын ішіндегі отын толық жанғанға дейін немесе көмірді алып тастағанға дейін жабуға тыйым салынады
- ешбір жағдайда балаларға пешті жағуға сенбеңіз, оларды жанып жатқан пешпен жалғыз қалдырмаңыз
-пешті күніне екі-үш рет 1,5 сағаттан артық емес жағу ұсынылады, бұл оның қызып кетуіне жол бермейді
- от жағуды ұйқыдан кем дегенде 2 сағат бұрын тоқтатыңыз, осы уақыт ішінде отынның жанып кетуіне уақыт болады.
Төтенше жағдай кезінде "112" нөміріне хабарласыңыз.