Интерактивті сабақ өрт сөндіруші-құтқарушының ерлікке толы кәсібі туралы

Интерактивті сабақ  өрт сөндіруші-құтқарушының ерлікке толы кәсібі туралы

«Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-әдістемелік ақпараттандыру және білім беруді дамыту орталығы» КММ-де ШҚО ТЖД қызметкерлері Өскемен қаласының барлық мектеп оқушыларына арналған интерактивті сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушыларға ерлік пен батырлықты талап ететін мамандық жайлы кеңінен әңгімеленді.

«Өрт сөндіруші-құтқарушы» мамандығының атауының өзі оның мәнін айқындап тұр. Осындай ержүрек жандар туралы, әр адам қиын сәтте бірден естеріне алады. Өрт сөндіруші-құтқарушы кәсібін  ерік-жігері бар жандар ғана таңдай алады. Құтқарушылар үшін демалыс деген ұғым жоқ, кез-келген уақытта дабыл бойынша қызметке шақырылуы мүмкін, тіпті демалыс кезінде де.  Бұл мамандық батылдықты, тәуекелге баруды ғана емес, сондай-ақ кәсіби шеберлікті де қажет етеді – деді  ШҚО ТЖД кадр және тәрбие жұмысы басқармасының қызметкері Гүлсана Қусаинова.

 ТЖ қызметкері мамандығына қалай түсу және Академияда оқу шарттары туралы Өскемен қ. №9 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Темірлан Қадіров мектеп оқушыларына айтып берді. М. Ғабдуллин атындағы Академия Қазақстанда төтенше жағдайлар саласы бойынша  жоғары білікті мамандарды даярлайтын тұңғыш білім ордасы деп балалармен бөлісті. Темірлан Академияға қалай түскенін айтты.  Егер адамның басты мақсаты –адамдарға көмек көрсету болса, онда ең алдымен өзі дені сау әрі дене жағынан шыныққан болуы керек. 

Сондай-ақ Қадіров Темірлан «Өрт қауіпсіздігі», «Төтенше жағдайларда қорғау» және «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару ісі» факультеттеріне тусуге болатынын жеткізді. Академияға ұлдар мен қатар қыздар да қабылданады.

Толық ақпарат алу үшін ШҚО ТЖД-не 25-07-94 телефонына хабарласуға болады.