Қауіпсіздік күзетінде 30 жыл

Қауіпсіздік күзетінде 30 жыл

Облыс орталығында ҚР ТЖМ-нің 30 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шара өтті. Шығыс Қазақстан облысының әкімі міндетін атқарушы Жақсылық Омар құтқарушыларды мерекемен құттықтап, облыс әкімінің атынан ТЖД мен оған қарасты мекемелердің үздік қызметкерлеріне Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар табыс етті.

Қызметтік борышын өтеу барысында қаза тапқан әріптестердің рухы бір минут үнсіздікпен еске алынды.

ШҚО ТЖД бастығы, полковник Рашид Блялов ведомстволық марапаттарды – ТЖМ-нің мерейтойлық медальдарын, мерзімінен бұрын берілген арнайы атақтарды, грамоталар мен алғыс хаттарды ардагерлер мен қызметкерлерге табыс етті.

«Сіздердің кәсіби борыштарыңызды өтеу кезінде ең қиын жағдайларда, кейде өмірлеріңізге қауіп төніп тұрса да, қызмет атқаруға тура келеді. Қиындықтар біздің ұжымымызды біріктіреді.
Халық қауіпсіздігі жолындағы абыройлы қызметтің негізін қалаған ардагерлерге басымды иемін. Мерейтойлық күнге біз жинақталған әлеуетпен, тиімді нәтижелермен және іске асырылған жоспарлармен келеміз.
Құрметті әріптестер мен ардагерлер, сіздерге мықты денсаулық тілеймін. Қызметтеріңізге алғыс айтамын!», – деді ШҚО ТЖД бастығы Рашид Блялов.