Шемонайха ауданында төтенше жағдайлар және құқық қорғау құрылымдарының күштерін біріктірген спорттық жарыстар өтті.
Мерекелік іс-шаралар аясында Глубокое, Шемонайха, Риддер, Абай облысының Бородулиха аудандарының бөлімшелері мен Кәсіби әскери апаттық-құтқару қызметінің (ПВАСС) қатысуымен өрт сөндіру кроссфиті ұйымдастырылды.
Жарыс қорытындысы бойынша:
• 1-орынды Шемонайха аудандық төтенше жағдайлар бөлімі иеленді. Команда жоғары физикалық дайындық пен кәсіби шеберліктің үлгісін көрсетті.
• 2-орынды Риддер қаласының құтқарушылары,
• 3-орынды ПВАСС командасы жеңіп алды.
Сонымен қатар, волейболдан турнирде күштік құрылымдардың өкілдері – Шекара қызметі, ҰҚКД, ПД, ТЖД, сондай-ақ Шемонайха қаласының құрама командалары мен ҮМЗ (Үлбі металлургиялық зауыты) өкілдері өзара бақ сынасты. Бұл жарыстар қатысушылардың күш-жігерін, төзімділігін, командалық рухын және кәсіби дайындығын айқын көрсетті.
Турнир жылы әрі қызу бәсекеге толы жағдайда өтті. Әрбір ойын әдемі сәттермен, үйлесімді комбинациялармен және керемет шабуылдармен есте қалды. Финалда ТЖД мен ҮМЗ командалары кездесіп, жеңісті Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері иеленіп, жарыста қос жеңіске қол жеткізді.
• 2-орын – ҮМЗ командасы,
• 3-орын – Шемонайха-1 командасы,
• 4-орын – Шекара қызметі.
Құтқарушылар күні мен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығы — бұл тек кәсіби мереке ғана емес, сонымен бірге кез келген жағдайға – төтенше оқиға болсын, спорттық бәсеке болсын – дайын болудың маңыздылығын көрсететін ерекше күн.