Шығыс Қазақстан облысыныда өрт сөндіру-құтқару техникасының автожорығы өттi

Шығыс Қазақстан облысыныда өрт сөндіру-құтқару техникасының автожорығы өттi

Өскемен қаласында ҚР ТЖМ-нің 30 жылдық мерейтойы аясында облыс орталығының көшелерімен техника автожорығы өтті.

Колоннаның басында ежелгі дәуірде «ат арбалы өрт пойызы» деп аталған өрт обозы қозғалды. Ол жылқы жегілген арба түрінде болып, су, өртке қарсы құрал-жабдықтар мен сөндіру құралдарын өрт шыққан жерге жеткізуге арналған. Колонна құрамында сондай-ақ кеңес дәуірінің ең танымал көліктерінің бірі ЗИЛ-130 базасындағы АЦ-40 өрт автоцистернасы да болды. Бұл көлік 45 жыл бойы шығарылып, өз кезеңінің айрықша символына айналған. Көрермендер сондай-ақ ЗИЛ-130 және ЗИЛ-131 базасындағы автосатыларды, өрт-сорғы станциясын көре алды. Автожорыққа өздерінің аға буын әріптестерін қазіргі заманғы техника да қолдады. Қазіргі таңда құтқарушылар мақтан тұтатын жаңа автоцистерналар заманауи өрт-техникалық құралдармен жабдықталған. Сонымен қатар, «Трэкол» жол талғамайтын көліктері мен іздестіру-құтқару жұмыстарына арналған «Toyota Hilux» базасындағы көліктер де көрсетілді. Олар спутниктік, телефондық, радио және дауыс зорайтқыш байланыс жүйелерімен қамтамасыз етілген.
Автокөліктер қала көшелерімен жүріп өтіп, тұрғындар мен қонақтар құтқару қызметінің даму тарихымен көзбе-көз танысу мүмкіндігіне ие болды.