
ҚР ТЖМ-нің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында ШҚО ТЖД-де жас қызметкерлердің ант қабылдау салтанаты өтті. 11 жас маман өздері үшін аса маңызды сөздерді айтып, кәсіби борышына адал қызмет етуге ант берді.
Салтанатты іс-шараға қызмет ардагерлері, ТЖД қызметкерлері мен басшылық құрамы қатысты.
ТЖД Ардагерлер кеңесінің төрағасы Иван Худяков жас мамандарды осы маңызды оқиғамен құттықтап, қызметтерін абыроймен атқаруға тілек білдірді.
Құтқарушылар қатарына енгендер үшін ант қабылдау — толқынысқа толы ерекше сәт. Алда дәстүрлерді сақтау мен өңірді төтенше жағдайлардан қорғау сияқты маңызды міндеттер тұр.
«Ант қабылдау күні жас қызметкерлердің жадында мәңгі сақталады. Олар барлық қиындық пен сынақтарды абыроймен еңсеріп, өз өңірі мен азаматтарын төтенше жағдайлардан қорғауда лайықты қызмет етеді деп сенемін», — деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Исхар Савазов.