«Лада» балабақшасының бүлдіршіндерінің таңғы күні ерекше әсермен басталды – оларға құтқарушылар қонаққа келді. Егер ересектер әртүрлі төтенше жағдайда өзін қалай ұстау керектігін білсе, балалар мұндай қауіппен бетпе-бет келгенде жиі дәрменсіз болып қалады. Сондықтан құтқарушылар өскелең ұрпақпен кездесулер өткізіп, оларды қауіптен қорғау және дұрыс әрекет етуге үйретеді.
Төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері балалармен қызықты әңгіме жүргізіп, оларға отпен ойнаудың қауіпті екенін түсіндірді, өрттің алдын алу үшін қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет екенін айтып берді. Сондай-ақ, төтенше жағдайда қалай әрекет ету керек екенін түсіндіріп, балаларға шұғыл қызметтердің телефон нөмірлерін еске салды.
Сұхбат барысында құтқарушылар өздерінің арнайы киімдері мен құрал-жабдықтарын көрсетті, сондай-ақ үйретуші мультфильм көрсетті.
Бұл кездесу арқылы бүлдіршіндер көптеген пайдалы мәлімет алды.
Тәрбиешілер мен ТЖ қызметкерлерінің бірлескен жұмысы мектепке дейінгі жастағы балалардың өмірде қажет болатын маңызды дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді.