Бүгін түнде Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында құтқарушылар көктайғақ себебінен автокөлікпен тұрып қалған азаматтарға көмекке келді.
7 адам отырған автокөліктерді құтқарушылар арнайы техниканың көмегімен таза жолға сүйреп шығарды. Сонымен қатар ішінде 1 нәресте бар 4 адам жақын елді мекенге жеткізілді. Ешкім медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.
ТЖМ қыс мезгіліне өз автокөлігіңізді жабдықтау қажеттілігін еске салады.