ШҚО ТЖД-де Ұстаздар күні аясында құтқарушылар мектепте оқытқан мұғалімдерін қонаққа шақырды. Кездесу барысында әрбір ТЖ қызметкері өзінің ұстаздары жайында әңгімелеп, олардың жас ұрпақты оқытуға қосқан өлшеусіз үлесі мен жүректерінде қалдырған игі ізі туралы айтып берді. Педогогтар өз шәкірттерін көрген кезде қуаныштары қойындарына симады, өйткені олардың иығына қазір азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету секілді аса жаупты миссия жүктелген. Құтқарушылар мұғалімдерінің берген білімдері үшін «өмір сабақтары» деп аталатын дұрыс бағыт бергені үшін, сондай-ақ жылу мен қамқорлығы үшін алғыстарын білдірді. Білім беру ұйымдарында педагогтар қауіпсіз мінез құлықтың негізгі қағидаларына арналған көптеген сабақтар өткізеді және төтенше жағдайларда өзін ұстауды үйретеді. Олар құтқарушылар мен бірлесіп балаларды оқытуға белсене атсалысады.