Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазавиақұтқару» ұшқыштары Тарбағатай ауданына медициналық рейс жасады. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің МИ-8 тікұшағымен 2016 жылы туған науқас әйел Ақжар ауылынан Өскемен қаласына шұғыл жеткізілді. Тәжірибелі ұшқыштар Евгений Гончаров пен Олег Алфеев, санитарлық авиация дәрігерлері Рафаил Халитов пен Татьяна Сергеева болды.Көмекке мұқтаж әйел аман-есен Өскемендегі медициналық мекемеге жеткізілді.
Төтенше жағдайлар министрлігінің ұшқыштары мен дәрігерлерінің әрекеті шалғай аймақтардан науқастар мен зардап шеккендерді тасымалдау арқылы адамдардың өмірін сақтап қалуда.