ШҚО ТЖД құтқарушылары «Ізгі өрт сөндіргіш» акциясын өткізді

ШҚО ТЖД құтқарушылары «Ізгі өрт сөндіргіш» акциясын өткізді

Қазақстан Республикасы ТЖМ-нің 30 жылдығына және «30 ізгі іс» аясында құтқарушылар балалар үйінде іс-шара ұйымдастырды. Балалар мен тәрбиешілерге өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелері, төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл тәртібі түсіндіріліп, өрт сөндіргішті пайдалану бойынша нұсқаулық берілді.

Сонымен қатар, жас ұрпақтың қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған викториналар мен байқаулар ұйымдастырылды.

Құтқарушылар балалар үйіне шағын, бірақ аса қажетті сыйлық – өрт сөндіргіш табыстады.

Құтқарушылардың ізгі істер эстафетасы жалғасуда.