«Қазавиақұтқару» ҚР ТЖМ тікұшағы нәрестеге шұғыл медициналық көмек қажеттілігіне байланысты санитарлық авиация мамандарымен бірлесіп эвакуация жасады.
Ұшуды «Қазавиақұтқару» пилоттары Сергей Пинигин мен Бауржан Бутенбаев, сондай-ақ санитарлық авиация дәрігерлері Рафаиль Халитов пен Бек Асаубаев жүзеге асырды. Ұшу сәтті өтті.
Сәби тиісті медициналық мекемеге жеткізілді.
Пилоттардың үйлесімді әрі жедел жұмысы – жедел жәрдем жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады және қысқа уақыт ішінде адам өмірін құтқаруға мүмкіндік береді.