Отбасы – бұл тірек, қолдау және шабыт

Отбасы – бұл тірек, қолдау және шабыт

тбасы күні мен ҚР ТЖМ-нің 30 жылдығына орай Өскемен қаласындағы №8 өрт сөндіру бөлімінде іс-шара өтті. Онда ТЖД қызметкерлері өздерінің бала-шағалары мен жұбайларын жұмыстарының ерекшелігімен таныстырды. Қонақтар өртті сөндіру және төтенше жағдайларды жою кезінде қолданылатын құтқару құралдарын, жаңа техниканы көріп, өрт сөндіру депосына экскурсия жасады.
Балалар өрт сөндіру көлігінің рөліне отырып, жауынгерлік киімді киіп, әкелері – құтқарушылар секілді өздерін батыр сезінді. 
ШҚО ТЖД психологымен «Отбасы ошағының жылуы» тақырыбында тренинг өткізді.Іс-шара соңында құтқарушылардың балалары қиын қолжетімді жерлерден адамдарды эвакуациялауға арналған квадроциклге мініп көру мүмкіндігіне ие болды.
Осындай іс-шаралар құтқарушылар үшін отбасының тірек екенін, отбасылық құндылықтарды дамыту мен ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтудың маңыздылығын айқындайды.