Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің атынан құттықтау сөз сөйлеген Департамент бастығы Рашид Блялов атап өтті:
«Конституция – мемлекетіміздің құқықтық және демократиялық дамуының негізі. Ол елдің ең басты құжаты ғана емес, Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуін қамтамасыз ететін тірегі болып табылады. Республиканың дамуы мен қалыптасуына біздің Министрлік те зор үлес қосып келеді, төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюда, ел мен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде алдыңғы қатарда жүр».
Құтқару ісінде ТЖД қызметкерлері өздерінің қызметтік борышын абыроймен атқарып келеді, ағымдағы жылдың басынан бері облыс аумағында шамамен 3000 жедел шығу және 900 авариялық-құтқару жұмыстары атқарылды, 243 адам құтқарылып, 376 адам эвакуацияланды.
Сондай-ақ жиналғандарды ШҚО ТЖД Ардагерлер кеңесінің төрағасы Иван Худяков құттықтап, елімізді құрудың негізі адал еңбек пен азаматтық жауапкершілік екенін атап өтті.
Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне 30 жыл толуына орай, қызметтік міндеттерін адал атқарған қызметкерлер ведомстволық алғыс хаттармен, грамоталармен марапатталып, кезектен тыс атақтар берілді.
Сондай-ақ азаматтық қорғау жүйесінің дамуына үлес қосқан облыстың кәсіпорындары мен нысандарының өкілдері де алғыс хаттармен марапатталды.