Өрт қауіпті маусым басталғалы бері өңірде 25 сорман өрті, 1 дала өрті және саяжай алқаптары мен ашық аумақтарда орын алған 23 тұтану жағдайы тіркелді.
Негізгі себеп – отты абайсыз пайдалану.
Өрттің алдын алу және болдырмау мақсатында 52 мобильді топ құрылып, олардың құрамына шамамен 300 адам – ТЖД, полиция, орман шаруашылығы және жергілікті әкімдіктердің қызметкерлері қамтылған. Шығыс Қазақстанда өрттің алдын алуға бағытталған 1000-нан астам рейдтік іс-шаралар өткізілді.
Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін 83 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде:
• ҚР ӘҚБтК 410-бабы бойынша – 48 адам,
• 336-бабы бойынша – 17 адам,
• 367-бабы бойынша – 18 адам.
ШҚО ТЖД еске салады: құрғақ шөпті өртеуге, от жағуға, жол бойына темекі тұқылын тастауға қатаң тыйым салынады. Саяжай аумақтарында өрт сөндіргіш пен суы бар бөшке болуы тиіс.
Жол жиегімен жүргенде автокөлік терезесінен өшірілмеген темекі тастауға болмайды.
Өртті байқасаңыз, бірден «101» және «112» телефондарына хабарласыңыз.